2012 жылдан бастап 2020 жылға дейін мемлекеттік грант бойынша ауылдық квотамен 22 625 жас маман оқуын аяқтады. Бұл туралы Үкімет басшысы Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Айта кетейік, биыл қазан айында сенатор Ақылбек Күрішбаев өзінің депутаттық сауалында ауыл жастарының жоғары білімге қол жеткізу проблемасын айтты.
«2012 жылдан бастап ауылдық квота шегінде педагогикалық, медициналық және ветеринариялық мамандықтар бойынша оқуға түскен түлектер үшін ауылдық жерлерде үш жылдық жұмыспен өтеуге қатысты норма қолданылады. Осы норманың қолданысы 2012 жылдан бастап 2020 жылға дейін мемлекеттік грант бойынша ауылдық квотамен 22 625 жас маман оқуын аяқтады», – делінген Үкімет басшысының сауалға берген жауабында.
Оның айтуынша, 2019 жылы 2285 жас маман оқуын аяқтаған, оның 89,7%-ы жұмысқа орналастырылған, 2020 жылы 2043 адам оқуын аяқтап, соның 87,9%-ы жұмысқа тұрды.
«Ауыл шаруашылығы» бағыты бойынша түлектерді жұмысқа орналастыру 2019 жылы – 65%-ды, 2020 жылы – 63,5%-ды құрады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!