«ҚазАвтоЖол» Қызылорда облысындағы 40 жыл жөндеу көрмеген республикалық автожолдарға жаңғырту жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды «Адырна» ақпараттық агенттігі.

Республикалық маңызы бар «Қызылорда-Жезқазған» автожолы қайта жаңартылып жатыр. Оның жалпы ұзындығы – 412 шақырым.

«Тас жолдың Қызылорда облысына тиесілі телімін қайта жаңарту жұмыстары алты учаскеге бөлінген. Қазір бес учаскеде жұмыс жүріп жатыр. Бүгінде жолшылар 24-127 шақырым учаскесінде құнарлы жер қабатын алу, айналма жолдарды салу, жабынды терең қопсыту және қолданыстағы жол жабынын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал 127-216 шақырым учаскесінде айналма жолмен көлік қозғалысын қамтамасыз ету шаралары қолға алынды. Бұл автожолдағы жұмыстар кезең-кезеңімен 2022 жылы басталған», – делінген хабарламада.

Қызылорда облысына қарасты автожол учаскесіндегі қайта жаңарту жұмыстары толық 2025 жылдың соңында аяқталады деп жоспарлануда.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!