Нұр-Сұлтан қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Нұр-Сұлтан қаласының білім бөлімі» ММ-нің азаматша К.-ға қатысты талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.
Мекеме әйелді үлкен қызына қатысты ата-ана құқығынан айыруды және алимент өндіруді талап етті.
Арызда келтірілген ақпараттарға сәйкес, сотталушы кенже қызын үй ішінен рұқсатсыз жұмыс істеген жеке балабақшаға тәулік бойы қарауға берген. Әйел балабақшаның ақысын төлемеген, қызына бір айдан астам уақыт келмеген. Үлкен қызы әжесінің қамқорлығында болған.
2022 жылдың сәуір айында әйелдің кіші қызы балабақшада көз жұмды. Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр. Бала көптеген дене жарақаттарын алған.
“Сот шешімімен К.-ның үлкен қызына қатысты ата-ана құқықтары шектеліп, бала оның болашақ тағдырын анықтау үшін «Нұр-Сұлтан қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне берілді. Анасынан алимент өндірілді”, – деді Нұр-Сұлтан қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!