Аталмыш факті бойынша жалпы 13 адам күдікті деп танылды.

Күдіктілерді Астана қаласы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұстаған, деп хабарлайды  ІІМ баспасөз қызметі.

28 қазан күні Астана қаласы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Бөгенбай батыр даңғылындағы үйдің ауласынан үш күдіктіні ұстады.

Ер адамдар Ақтөбеде екі кісіні өлтіргені үшін қылмыстық қудалаудан елордада жасырынып жүрген.

Ұсталғандар іздестіру бастамашыларына тапсырылады. Аталмыш факті бойынша жалпы 13 адам ұсталды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!