Видеодан кадрКТүркістан облысындағы Жетісай қаласында тұратын көпбалалы ана жанайқайын жеткізді. Әйелдің айтуынша, қала әкімінің келіні өзі секілді алтын құрсақты аналарға атаулы әлеуметтік көмек пен мемлекеттен қайтарымсыз грант шығарып беремін деп халықтың ақшасын алған. Бірақ уәдесінде тұрмаған көрінеді. Экспресс К тілшісі резонанс тудырған оқиғаның мән-жайын анықтап көрді.

Қала тұрғыны Динара Қазыбекова әділдік іздеп, видеоүндеу арқылы жанайқайын жеткізді. Бейнежазбаны ТікТок қолданушысы өз парақшасында жариялады.Әйелдің айтуынша, қала әкімі Тұрышбек Елшібаевтың келіні аудандық жұмыспен қамту орталығында істейді.

Көпбалалы ананың бөлесі Нұрлыбек Ордабековпен бірге әкімнің келіні Ақбота Сартаева үйіне келіп, уәдесін үйіп-төккен көрінеді.»Ақбота Сартаева «өзіңіз сияқты көпбалалы аналар болса, атаулы әлеуметтік көмек пен қайтарымсыз грант шығарып беремін» деп айтты. Бірақ ол үшін алдын ала ақшасын берсе ғана шығарамын деді.

«Анау-мынау адам емеспін, әкімнің келінімін. Алдап кетпеймін» деп уәде етті. Мен бұл туралы көршілерім мен араласып жүрген келіншектерге айтып, 20 шақты әйелдің құжаты мен ақшасын әкімнің келіні алып, АӘК шығарып берді», — дейді келіншек.

Кейіннен әлеуметтік көмек алған әйелдер бұл туралы өз таныстарына айтқан көрінеді. Содан 60 адамның құжаты мен ақшасы жиналған. Бірақ уақыт өтіп, айтылған уәде орындалмапты. Осылай деген көпбалалы ана әділдік іздейтінін айтты.

Әкімнің келіні халықтан жиналған 8 миллион теңгені қайтарып берсін. Әділдік болғанын қалаймын. Әкімнің өзінің де, келінінің де аудиолары мен ақша алғаны туралы дәлелдер бар. Мені үгіттеп, үйімнен талай шайымды ішіп жүрді. Халық та ақымақ емес қой,— дейді ол.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!