Конкурсқа қатысуға өтінімдер осы жобаны әзірлеуге немесе іске асыруғажауапты волонтерлерден немесе волонтерлер ұйымының (бірлестігінің) мүшесіненқабылданады.

Волонтерлер «Қарттарға қуаныш сыйла» әлеуметтік-қайырымдылықжобасын тікелей жүзеге асыруға қатысады. Көмек келесі сипатта көрсетілуі мүмкін:- қарт адамдарға азық-түлік немесе дәрі-дәрмек жеткізу;- үйді немесе үйге іргелес аумақты тазалауға көмек көрсету;- үй шаруашылығына көмек;- медициналық-әлеуметтік көмек көрсету;- концерт ұйымдастыру.

Волонтерлер әлеуметтік желілерде атқарылған жұмыстардың қысқаша сипаттамасы бар фотосуреттерді жариялайды. Фотосуретте қызметтің мәнікөрсетілуі керек – қарт адамдарға азық-түлік немесе дәрі-дәрмектерді жеткізу, үйдінемесе оған іргелес аумақты тазалауға көмектесу, үй шаруашылығына көмектесу,медициналық-әлеуметтік көмек көрсету, концерт ұйымдастыру. Посттаволонтердің(лердің) аты, рейд/іс-шараға қатысу күні, рейд/оқиғаның қысқашасипаттамасы болуы тиіс. Посттар Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріндежарияланады.

Міндетті хэштегтер #BirgemizQamqor2021#marxabatvolunteer.

Волонтерлер 2021 жылдың 1 қазанынан 21 қарашасына дейін жүзегеасырылған көмекті көрсете алады.БАЙҚАУ КЕЗЕҢІКонкурс белгіленген кезең ішінде 2021 жылғы 11 қарашадан 2021жылғы 21 қарашаға дейін өткізіледі.Кандидаттар қызметінің нәтижелерін бағалау 2021 жылғы 22 қарашаданбастап 2021 жылғы 24 қарашаға дейін жүргізілетін болады.

ӨТІНІМ БЕРУ

Өтінім берудің соңғы мерзімі – 2021 жылғы 21 қарашадан кешіктірмей.Толтырылған өтінімдер электронды түрде электрондық пошта арқылықабылданады: oo.marxabat.kz@mail.ru.Өтінімдер осы Ереженің № 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша беріледі.

ІРІКТЕУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

Ұйымдастыру комитеті өтінімді келесі критерийлер бойынша бағалайды:- 2021 жылғы 1 қазан мен 21 қараша аралығында волонтерлер қатысқан«Қарттарға қуаныш сыйла» әлеуметтік-шығармашылық жобасы шеңберіндегіволонтерлер рейдтерінің саны,- әлеуметтік желілердегі белсенділік (әлеуметтік желілердегі өзаккаунттарында орналастырылған «Қарттарға қуаныш сыйла» әлеуметтікшығармашылық жобасына қатысу туралы жарияланымдар мен материалдар саны),Ұйымдастыру комитетінің Конкурс жеңімпаздарын анықтау туралы шешімі хаттамалық шешіммен тіркеледі, конкурс нәтижелері «Мархабат.KZ»Мүгедектер қоғамы» Қоғамдық Бірлестігінің ресми беттерінде 2021 жылғы 24қарашада сағат 18:00-де жарияланады.

ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ

Акцияның қорытындысы бойынша үздік волонтерлер командаларыақшалай сыйлықтармен марапатталады:1-орын – 100 000 теңге2-орын – 50 000 теңге3-орын – 25 000 теңге.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!