Бірнеше жыл бұрын тәжірибе ретінде санаулы білім ошағында қолға алынған бастамаға бүгінде қала мектептері түгел қосылған.


Қызылорданың мектептерінде сабақ арасындағы үзіліс кезіндегі соғылатын қоңырау үнін қазақ күйлері алмастырды, деп хабарлады Aikyn басылымы.

Қызылорда қаласында 50-ге жуық мектеп болса, бүгінде солардың бәрінде үзіліс кезінде күй ойналады.

«Бұл игілікті бастама бұдан сәл ертерек, яғни, екі-үш жыл бұрын қолға алынған болатын. Осы арқылы жас ұрпақтың бойында рухани құндылығымызды жаңғыртып, ұлтжандылық асыл қасиеттерімізді тереңінен сіңіруіне үлкен негіз қаланды. Бүгінде өңірдегі білім ошақтарының барлығы дерлік қоңырау орнына күй ойнатып, жаңашылдыққа бет бұрды. Мұндай жаңашылдыққа жол бастайтын игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады», – дейді Қызылорда облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы Бекбол Қаласов.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!