Мемлекеттік қызмет-бұл адамадардың әлеуметтік қызметінің бір түрі.

Бұл ұғым меншік нысандарының тәуелділігіне байланысты, адамдар органдар мекемелер, бірлестіктердегі, ұйымдардағы қызметті жүзеге асыруларына және қызметкерлердің функцияларын орындау сипатына қарай қызмет мемлекеттік және мемлекеттік емес болып бөлінеді.

          Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғамдық процестерді реттеуге, мемлекеттің біртұтастығын қамтамасыз етуге және ҚР азаматтарының мүддесін іске асыруға арналған. Мемлекеттік қызмет үшін имидждің функционалдық және мәртебелік мәні бар. Ол халықтың оған деген сенімінің көрсеткіші және мемлекет жүргізіп отырған басқару қызметтерін қайта құрудың тиімділігін қоғаммен бағалануының өлшемі болып табылады.

Мемлекеттік қызмет-мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі.

Сонымен, мемлекеттік қызмет мемлекет пен азаматтың арасындағы қатынасты байланыстырушы звено болып  саналады. Мемлекеттік қызметтің міндеттерінің ішінде, негізігі болып, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, жеке тұлғаның дамуына қолайлы жағдайлар жасау, азаматтық қоғам негіздерін нығайту саналады.

Егемендік алғаннан бергі жылдар ішінде мемлекет басшысының саясатының арқасында қоғам дамуының барлық саласында түбегейлі өзгерістер болды. Соның ішінде мемлекеттік органдардың тиімді жүйесі мен құрылымы жасалып, мемлекетті басқарудың ұтымды үлгісі іске қосылды.Мемлекеттік қызмет түрлеріне  қолжетімділігін арттыру бағытында игі бастамалар жүзеге асырылды.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету белгілерінің  бірі болып әкімшілік кедергілерді азайту, халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету болып табылады.

Мемлекеттік қызмет қоғам мен мемлекет тарапынан сенім білдіру болып табылатындықтан оған деген үлкен жауапкершілікті әрбір мемлекеттік қызметші сезіне білу керек.

Қызылорда облысының мамандандырылған

ауданаралық экономикалық сотының

бас маманы Н.Ержанов    

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!