«Сот кабинеті» сот құрылымындағы заманауи технологиялардың бірі. Электронды формат халыққа  сот жүйесінің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жасалған.

Қазақстан судьяларының VI съезінде қойылған сот ісін жүргізу процесінде ақпараттық технологиялар енгізу туралы міндеттерді орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты  «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисін  және нұсқаулығын әзірледі.

«Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисін арқылы электрондық құжаттарды сотқа беру тәртібі туралы Нұсқаулығы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының 2014 жылы 11 тамызда  №380 өкімімен бекітілді.

Сот кабинеті арқылы сотқа құжаттарды, арыздарды тапсыру үшін  алдымен сот кабинетіне жеке тұлғалар ЖСН-нің, ал заңды тұлғалар  БСН-нің және парольдің көмегімен  тіркелу арқылы жүзеге асырады.

Аталған Нұсқаулықта «Сот кабинеті» арқылы берілетін арыздарға, құжаттарға қойылатын өзіндік талаптары көзделген. Яғни, олар

-арыз немесе өтініш мәтіндік форматта (қарпі 14 Times Roman)  беріледі.

-әрбір жеке құжат жеке файл түрінде ұсынылуы тиіс. Элекрондық құжаттардың файлдар саны сотқа берілген құжаттың санымен сәйкес келуі керек. Электрондық құжаттардың әрбір файылының өлшемі 10 мегабайттан аспау тиіс.

          Талап арыз беруші «талап арыз беру» сервисін таңдап,  сот кабинетіндегі электронды деректерді толтырады.

Алдымен облысын таңдап, арыз бергелі тұраған соттың атауын, одан әрі  мемлекеттік баж сомасы, арыздың сипаты, істің санаты, даудың жалпы сомасы, іске қатысты тараптар бөлігін толтырылады.

 Мемлекеттік бажды онлайн төлеген болса, «онлайн-төлем» бөлігін толтырады, ал егер мемлекеттік баждан босатылған болса, «төлемеу» деген бөлігіне белгі соғуы тиіс.

Егер талап қоюшы немесе жауапкер бірнешеу болса, олардың әр қайсысы жеке –жеке енгізіледі.

Талап арыз беру кезінде пайдаланушы енгізілген мәліметтердің дұрыстығын тексеріп, оған түзету енгізе алады.

Берілген арыздар Қазақстан Республикасы сот органдарының ақпараттық сервисіне келіп түскен кезде автоматты түрде кіріс құжаттың карточкасына көшіріледі.

Берілген электрондық арыздар, құжаттар сот органдарының ақпараттық жүйесінде «кіріс хат-хабарлар»  папкасына  түсіп  тұрады.

Сот кабинеті сотқа электронды түрде талап-арыз, қарсы талап-арыз, сот процесінің хатамаларына ескертулер, атқару парағынның телнұсқасын беру және оны жолдау туралы өтініш, сот актілерінің көшірмелерін және басқа да өтініштерді, шағымдарды беруге және мемлекеттік баж салығын онлайн төлеуге, сот құжаттары мен сотқа қатысты барлық құжаттарды қадағалап отыруға мүмкіндік береді.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі  Г.Каликова

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!