Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ринат Зайытов мектептерде орыс әдебиетін оқытуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Skifnews.kz.
Ринат Зайытов мектеп оқушыларының бағдарламасына әлем әдебиетін енгізу бастамасы жайлы айтты.
Мен ол бастаманы көрдім. Оқу-ағарту министрлігіне неге бізде қазақ әдебиеті сағатынан орыс тілі әдебиетінің сағаты көп деген сұрақты мен де қоямын. Сондықтан мұны бір жүйеге келтіру керек. Неге біздің балалар орыс тілі әдебиетін оқуы керек? Ол Кеңес үкіметі кезінде бәлкім маңызды болған шығар. Ал қазір заманның кең шағында, барлық әлем әдебиетімен танысуға мүмкіндік бар кезде, біз міндеттеп тек орыс әдебиетін оқисыңдар деп айта алмаймыз. Басқа елдің әдебиетін ұрпақтың санасына сіңіру – қате», – деді ол.
Зайытов қазақ әдебиетінің өзі мектептерде толық оқытылып жатқан жоқ деп есептейді.
Бірінші кезекте өзіміздің қазақ әдебиетін дамытып алуымыз керек», – деді депутат.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!