«Сыр үміті» жастар қауымдастығының бастамасымен облыстық жастар ресурстық орталығы және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетімен бірлесе ұйымдастыруымен «Жастар орталығында» «AQYL-BATTLE» республикалық сайысы өтті.

Интеллектуалды сайыстың негізгі мақсаты – жастар арасында ой ұшқырын, білімділігін, тапқырлығын, анықтау және одан әрі дамыту болып табылады.

Сайысқа Республиканың әр өңірінен және аймақ жастарынан жиналған 40 –тан аса команда қатысты. Республикалық дода облыстық мәслихат депутаты, «Сыр үміті» жастар қауымдастығының төрағасы Мағжан Ералиевтің қолдауымен өткізілді.

Сайыс қатысушыларына Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Жандос Базартай, облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Асқар Құрмаш қатысушы барша командаларға алғыстарын білдірді. Сайыс қатысушылары 5 кезең бойынша өз білімдерін анықтап, арнайы жүлде үшін таласқа түсті.

Турнирдің қорытындысына сәйкес, «Тараз жастары» үшінші орынды иеленсе, «Талдықорған» командасы екінші орынға тұрақтады. Ал сайыстың жеңімпазы «Кітап құрттары» командасы атанды. Сондай-ақ, сайыс жеңімпаздары дипломдармен және арнайы қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!