Ұрпақ тәрбиесі қай заманда даөзекті.Біздің қазақ сәби дүниеге келгеннен бастап, оның өсіп, дене бітімі дұрыс қалыптасып, ақыл-ойының жетілуіне дейін көп көңіл бөлген. Дана халқымыз тоғыз ай құрсақта жатқан сәбиді тербелген тал бесікке салған. Одан анасы бөбегін әлдиімен сусындатып, әжесінің ертегісін тыңдатып, әкенің қамқорлығына бөленген бала болашақта нағыз халқына қалаулы болады деп сенген. Бұл – халқымыздың сан ғасырдан бері баланы бағып-қағап, өнегелі азамат етіп шығару жөніндегі жинақтаған мол тәжірибесі.

Қазақ халқы «Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деп, атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келер ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелеуге тырысқан. Өйткені ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз. Міне сондықтан да ата-ананың мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өзін-өзі ұстауы ұлдың да, қыздың да көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін негізгі нысанасы. Бұдан бөлек, ата-аналары балаларын кішкентай жастарынан сөйлеуге, санауға, заттарды және олардың өзіндік ерекшеліктерін атауға үйретіп, баланың тілі шыққан уақытта оған тақпақ, өлең, жұмбақтар мен жаңылтпаштарды жаттатқан. Бұлар баланың өзін дамытудағы алғышарты болған.

Осыған қарап ертедегі қазақ баласының балалық шағы қаншама қиын кезеңдерге тап келсе де, өнерден, білімнен, жалпы адами қасиеттерден алыстамағанын байқаймыз. Ұрпақ тәрбиесі – ең маңызды фактор. Сондықтан қазақ өз баласын кішіпейіл,білімді, еңбекқор, болашақта үлгілі отбасы иесі болғанын қалап тәрбиелеген. Өйткені ұлттыңкелешегі – тәрбиелі ұрпақтың қолында. Ал жақсы берілген тәрбие ұрпақтар сабақтастығына ұласып, еліміздің берік іргетасына айналары сөзссіз.

Айнұр ТУЛЕПОВА,

№41 М.Шоқай атындағы орта мектептің мұғалімі,

Шиелі ауданы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!