Арал ауданы Аққұм ауылдық округіндегі 131 отбасыға 1050 қап жем таратылды.

Арал ауданы аумағындағы қуаңшылық қиындығын еңсеру мақсатында Болат Өтемұратов қорынан бөлінген қаржы есебінен алынған мал азығы халыққа үлестірілуде.

Аққұм ауылдық округіне аталған қор тарапынан жеткізілген 1050 қап жем жергілікті жердегі қоғамдық кеңес шешімімен ветеринариялық компьютерлік дерек қорына (базаға) енгізілген малдары бар 131 отбасына таратылды.

Ауыл тұрғындары қиын кезеңде демеушілік жасаған қор басшылығына алғыстарын білдірді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!