Құрғақшылық деңгейі әсіресе солтүстік-батыс, оңтүстік пен оңтүстік-батыс аймақтарында жоғары болмақ.

Тамызда еліміздің бірнеше өңірінде қуаңшылық болуы мүмкін. Қазгидромет осындай болжам жасап отыр.

Құрғақшылық деңгейі әсіресе солтүстік-батыс, оңтүстік пен оңтүстік-батыс аймақтарында жоғары болмақ. 

Атап айтқанда, Қызылорда облысындағы Қармақшы мен Маңғыстау облысының Маңғыстау аудандарында, Ақтөбе облысының Әйтеке би, Мұғалжар аудандары мен Қарағандыдағы Нұра, Қостанайдағы Жангелді, Амангелді аудандарында да жауын-шашын көлемі күрт азаяды.