Синоптиктер еліміз бойынша 2023 жылғы 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды. 

«Қазгидромет» РМК ұсынған мәлімет бойынша, солтүстік-батыс антициклонының әсерінен Қазақстан Республикасының батыс жартысында күн жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Синоптиктердің болжауынша, елдің қалған бөлігінде жаңбыр жауып, оңтүстік пен орталықта найзағай ойнайды.Республика бойынша түнде және таңертең тұман түседі, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және шығыста екпінді жел соғады. Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-батыстан соғатын жел батысқа ауысады, екпіні 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +4+6°С, күндіз +13+15°С. Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +22+24°С.Шымкентте – аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +25+27°С.
Караван жаңалықтары – https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!