Сурет: видеодан алындыҚарағанды көшелерін жаңбырдан кейін су басты. Әлеуметтік желіде тараған төтенше жағдайды сипаттайтын видеолардан қаладағы суағарлар істемейді деп топшылауға да болатын секілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ашулы қала тұрғындары тап осы мәселені көтеріп, Instagram-дағы парақшаларында жаппай жазба жариялады.

Қала әкімі Мейрам Қожықов өз кезегінде қала тұрғындарына есеп беріп, суды жою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын көрсетуді ұйғарыпты.

«Әкімдік суағарларды ашумен айналысып жатыр». Осындай жазбамен қала әкімі алғашқы видеоны Instagram-дағы жеке парақшасында сағат 17:00-де жариялады. Видеодан әкімдік адамдарының қаланы басқан суды қалай тазалауға шешім қабылдағанын көруге болады.

17:30-да жарияланған екінші видеода да тағы суды соруға арналған арнайы техника жоқ, жұмысшылар тек бітелген суағар кәріздерін ашып жүр. 

Әкім үшінші видеосын сағат 18:00-де жариялады. Барлық үш видеода әкім көшелерді басқан сумен күресте суағарлардың қақпағын ашқанын көрсетеді.

«Барлық учаскеде су азайды. Жаңбыр суын қабылдаушы желі толық көлемде жұмыс істеп тұр», – деп жазды әкім соңғы жазбасында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!