Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

26 тамызда атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады деп күтілуде. Қазақстанның кейбір облыстарында найзағай ойнап, дауыл соғады, жел күшейеді, бұршақ жауады.

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, еліміздің батысында, оңтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады. Ал Солтүстікте, солтүстік-батыста тұман түседі, оңтүстікте шаңды дауыл соғады.

Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе облысында, Атыраудың батысында, оңтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Маңғыстаудың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі бар.

Батыс Қазақстан облысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында, шығысында төтенше өрт қаупі бар.

Алматы облысының солтүстік жартысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жетісу облысында жоғары өрт қаупі бар.

Ұлытау, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды ​​облысының орталығында өрт қаупі жоғары.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!