ҚР территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен жаңбыр жауады, оңтүстік жартысында қатты жаңбыр болып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Тек еліміздің оңтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында жоғары қысым алқабы әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстікте дауыл, солтүстік-батысында тұман, оңтүстік-батысында шаңды дауыл күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде түнде және таңертең найзағай, дауыл күтіледі, облыстың орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!