Жер асты дүмпулері Түркияның орталық бөлігінде орын алды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Магнитудасы – 5,2.

Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) сайтында айтылғандай, жер сілкінісінің эпицентрі Гексуннан шығысқа қарай 13 шақырым жерде. Онда 34,2 мың адам тұрады. 

Сондай-ақ Кахраманмараштан солтүстік-батысқа қарай 54 шақырым жерде сезілді. Жер сілкінісінің ошағы 10 км тереңдікте орналасқан.

Естеріңізге салсақ, 18 ақпанда қазақстандық құтқарушылардың бірінші борты Түркиядағы құтқару операциясынан кейін оралды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!