Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның туған сіңілісі, мотиватор Ардақ Жексенбайқызы туған күнінде ақшадан шашу шашты, деп хабарлайды Экспресс К.

Халықты ақша табуға үйретіп, мотивация берумен аты шыққан Ардақ Жексенбайқызы туған күнін дүркіретіп атап өтті. Оның Instagram-дағы парақшасынан мерекелік кештің «мафия» стилінде өткенін көруге болады.

«Туған күн — мафия стилінде өткендіктен, міндетті түрде «Мафия» ойынын ойнадық. Бұл ойын: адамның танымдық қасиетін арттырып ойлау қабілетін жақсартады. Адамның психологиялық және эмоционалдық деңгейін дамытады. Ішкі сезімдерге құлақ аса отырып, нақты шешім шығаруға ықпал етеді. Мафия ойыны — бизнес саласында өркендеуге өте керемет көмек береді», — деп жазды Ардақ Жексенбайқызы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!