2020 жылдың қаңтарынан бері қазақстандықтардың несиесі 10,5%-ке, 7,36 триллион теңгеге дейін өсті. Бұл туралы ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді.
– 2020 жылдың басынан бастап халықтың несиесі 7,36 триллион теңгеге дейін, 10,5%-ке ұлғайды. Оның ішінде тұтынушылық қарыз 3,2%-ке, 4,3 триллион теңгеге дейін, ипотекалық қарыздар 27,8%-ке, 2,3 триллион теңгеге дейін өсті, – деді Досаев үкімет отырысында.
Айтуынша, 2020 жылдың басынан бері экономикалық несиелер қарашаның соңында 5,6%-ке, 14,65 триллион теңгеге дейін артты. Ал қысқа мерзімді несиелер 3,0%-ке, 2,1 триллион теңгеге дейін өсті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!