Елімізде бірінші топтағы мүгедектігі бар жандарға күтім жасап отырған адамдарға жәрдемақы төлеу ұсынылды. Нәтижесінде, 24 мыңға жуық қазақстандыққа жәрдемақы берілмек.
«Мүгедектіктің себебіне қарамастан І топтағы мүгедектігі бар жандарға күтім жасайтын адамдарға жәрдемақы енгізу жоспарланған. Осы жәрдемақымен күтім жасап отырған 24 мыңнан астам адам қамтылады. Жәрдемақы мөлшері 48 мың шамасында болмақ», – деді министр Шәпкенов.

Сондай-ақ, Серік Шәпкенов 7 және 16 жас аралығындағы балаларды мүгедектік топтарға бөлуді ұсынды. Бұл жағдайда балаларға берілетін жәрдемақы мөлшері өспек.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!