Ресей Қазақстанда үш жылу электр станциясын салуды биыл бастауы мүмкін, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді.I’m

Министрдің сөзінше Қазақстанда үш жылу электр станциясын ресейлік «Интер-РАО» компаниясы салады.

«Құрылыс жұмысын биыл бастау мүмкіндігі бар, жоба айтарлықтай ілгеріледі. Қалған жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу аяқталуда, оның нәтижелері бойынша техникалық шешімдер бекітіліп, тиісті зауыттарда жабдықтарға тапсырыс беріледі», – деді Алмасадам Сәтқалиев.

Өткен жылдың қараша айында Қазақстан мен Ресей Көкшетау, Семей және Өскеменде жылу электр станцияларын салу туралы меморандумға қол қойған болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!