2020 жылтың төр­тінші тоқ­са­ны­­ның қоры­тын­ды­сы бойынша қазақстандық­тар­дың орташа жал­ақысы 14,3%-ға жо­ға­рылап, 233,1 мың теңгеге жет­ті. Инфляция­ны ес­кергенде шы­на­йы өсім 6,5%-ды құ­рады. Салыс­­тырмалы түрде ал­сақ, 2019 жыл­дың осы кезеңінде отан­дастарымыздың орташа айлығы 203,9 мың теңге болды. Өңірлер бойынша ең жоғары жалақы Атырау облысында тіркелген. Мұнайлы өлке тұрғын­дары орта есеппен айына 377,4 мың теңге алады. Бұл еліміздегі орташа айлықтан 61,9% жоғары. Одан кейінгі орында елорда (349,6 мың теңге) мен Маңғыстау облысы (337,7 мың теңге). Ең төменгі орташа айлық Түркістан облысында (166,7 мың теңге) тіркелген. Одан кейінгі орында Жамбыл (168,8 мың теңге) және Солтүстік Қазақстан (168,9 мың теңге) облыстары. Сонымен қатар еңбекақы бойынша мамандықтар арасында үлкен айырмашылық бар.

Мәселен, тау-кен саласында жұмыс істейтіндерде ең жоғары 472,3 мың теңге айлық тіркелген. Одан кейінгі орында қаржы және сақтандыру саласы 422,6 мың теңге. Ал сумен қамту 145,7 мың теңге және ауыл шаруашылығы мамандары 147,7 мың теңге орта есеппен ең төменгі жалақы алады. Сондай-ақ білім беру саласында еңбек ететіндердің айлығы орта есеппен 176,5 мың теңге. Бұл еліміздегі орташа көрсеткіштен 24,3% төмен. Денсаулық сақтау саласы мамандарына ай сайын 197,4 мың теңге төленеді. Елімізде мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы мұнайшылар мен қаржыгерлерден екі есе төмен.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!