2024 жылдан бастап жұмыс беруші міндетті 10%-дық зейнетақы төлемінен бөлек жұмысшының Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шотына қосымша жарна аударуға міндеттеледі. Бұл жүйе 2020 жылы іске қосылуы керек еді, алайда талқылаудан кейін кейінге шегерілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

26 желтоқсанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заң жобасына міндетті зейнетақы жарнасы келесі шылға шегеру туралы норма қосылған. 

«Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы агенттің жеке қаржысы есебінен жүзеге асырылады және жұмысшының айлық табысына байланысты белгіленеді: 

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап – жалақының 1,5%;

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап – жалақының 2,5%;

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап – жалақының 3,5 %;

2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап – жалақының 4,5%;

2028 жылдың 1 қаңтарынан бастап – жалақының 5%», – делінген заңда. 

Осылайша норма 2028 жылы, міндетті жарна 5%-ға жеткенде толық күшіне енеді. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!