Қазіргі білім берудің басты мақсаты – шығармашыл тұлға қалыптастыру. Егеменді еліміздің ең басты мұраты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше.

Оқушының танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту – мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі. Осы мақсатта, биылғы жылы облысымызда «Жауқазын жүрек» І облыстық (өңірлік) жас өрендердің шығармашылығын дамытуға арналған көшпелі әдеби алаңы            Сыр өңірінде алғаш рет бастау алған еді.

Шығармашыл өрендердің сахна әлеміне келуіне біз әрқашан себепкер болуымыз керек. Бірақ шығармашылыққа баулу ол бөлек мәселе…            

Шығармашылық ортаны қалыптастыру, шығармашыл жастардың жан-жақты дамуына қолдау көрсету, бағыт беру, әдебиет тұлғаларын өнеге ету, ұрпақтар арасындағы өнер жалғастығын қалысптастыру, оқушылардың қабілеттерін дамыту мақсатында көшпелі әдеби алаң жұмысын бастап кетті.

2024 жылдың 17 сәуір күні «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы мен Сырдария ауданыдық білім бөлімінің бірлесе ұйымдастыруымен көшпелі әдеби алаң кезегі Сырдария ауданында Ә.Тәжібаев атындағы №36 мектеп-лицей базасында өткізілді.

Әдеби алаңға Сырдария ауданының мәдениет саласының үздіктері, Қызылорда қаласы және облысымыздың әр аудандарынан келген оқушылармен олардың жетекшілері, аудандағы жалпы білім беретін мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.

Осы орайда шараға қатысуышылар драма жанры бойынша «Киіз үйдегі тосын сый», «Оқиға желісі», «Аяқталмаған сыр» кезеңдерінде сахналық қойылымдар қойып, фильмге дубляж жасап,монолог оқып, өзара шығармашылықтарын танытты.

Жас өрендердің сахнаға төселгені, әрқайсысының ерекше қабілеттерін танытуы көпшіліктің назарын өздеріне аударып, көрерменнің ықыласпен қол соғуынан білуге болады.

Кеш соңында сараптамашылар сахна әлеміне аяқ басқан өнерпаздардың еңбектерін саралап, пікірлерін білдірді. Әдеби алаңда өз шеберлігімен көзге түсіп, көрермен ықыласына бөленген жас өнерпаздар  арнайы номинациялармен марапатталды және көшпелі «Жауқазын жүрек» статуеткасы Қазалы ауданына табысталды.

Әдеби алаңды ұйымдастыруға және жоғарғы деңгейде өтуіне ат салысқан Сырдария аудандық білім бөлімінің ұжымына және Ә.Тәжібаев атындағы №36 мектеп-лицей ұжымына алғысымызды білдіреміз.

Избасарова К.С.

«Дарын» облыстық қосымша білім беру

орталығы директорының орынбасары 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!