Бүгін Асқар Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде «ЖҰЛДЫЗАЙ» XIX Республикалық балалар шығармашылығы фестивалінің марапаттау кезеңі өтті.

Қызылорда облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Қали Бектұр Асанханұлы және ВІ Жұлдызай корпаративтік қорының жетекшісі Салимбаева Алмагуль Аманжоловна фестивальдің облыстық кезең жеңімпаздарын марапаттады. Жеңімпаздарға облыстық білім басқармасының арнайы дипломдары мен сыйлықтары табысталды.

«ЖҰЛДЫЗАЙ» XIX Республикалық балалар шығармашылығы фестивалінің мақсаты ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қазақстандық қоғамда инклюзивті ортаны қалыптастыруға ықпал етуге, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдердің кәсіби дағдыларын игеруге және әлеуметтік-еңбекке бейімделуіне ықпал ету.  

«Juldyzai» Республикалық балалар шығармашылығы фестивалі ерекше балалардың жыл сайын асыға күтетін мерекесіне айналып, биылғы жылы да Қызылорда облысы бойынша кең көлемде аталып өтілуде. Фестивальге 115 оқушы қатысып, жеңімпаз деп танылған 32 оқушы республикалық кезеңге жолдама алды.

Облыстан жыл сайын Республикалық кезеңге қатысушылар саны артуда. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев:

«Бұл іс-шаралардың барлығы ерекше қажеттілігі бар балалардың әлеуетін толыққанды жүзеге асыруға септігін тигізетіндігіне сенімдімін», – деп атап өткен болатын.

Зайырлы да демократиялық қоғамда баланың бәрі бірдей. Бөліп-жаруға жол берілмейді. Ерекше балалардың жағдайы әркез мемлекет қолдауына ие. Олардың білім алуы мен қоғамға араласуы да басты назарда. Бүгінде ерекше балалардың өнерге деген сүйіспеншілігі ерекше екендігін ескере отырып, болашақ ұрпаққа қамқорлық пен көңіл бөлуді көрсететін маңызды оқиғаларға айналды.

«ВІ Жұлдызай» корпаративтік қорының жетекшісі Салимбаева Алмагуль Аманжоловна Республикалық қорытынды кезеңнің жеңімпаздарын жариялады.

Әнді ыммен орындау номинациясы бойынша: №6 есту қабілеті бұзылған балалардың арнайы (түзету)мектеп интернаты Iнкар тобы 1-орын , Аспаптық орындау: Арал ауданы №177 орта мектеп оқушысы Тани Нурдаулет 3-орын, Аспаптық орындау номинациясы бойынша Қызылорда қаласы №179 орта мектебінің оқушысы Молдагали Азиз 3-орын, хореография номинациясы бойынша: Қармақшы ауданы №269 орта мектеп оқушысы Махамбетова Жансулу 3-орын, «Вокал» номинациясы бойынша №5 көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп интернатының тәрбиеленушісі Ермахан Лиза 2-орынды еншіледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!