М.Мәметова атындағы педогогикалық жоғары колледжінде әкелер кеңесінің қатысуымен әсерлі кездесу өтті.

Студенттермен кездесуге партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысының орынбасары А.Жарылқасынов, облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, әкелер кеңесінің төрағасы Е.Искендер қатысып, жас ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыс,, отбасындағы әкенің рөлі, жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастырудағы қоғамның белсенділігі жайында әңгімелер айтылды.

«Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниеден сыбағалы орын алсақ та, бір оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні – қараң, келешегі – тұман» деп Міржақып Дулатұлы айтқандай, заманауи, қарқынды дамып келе жатқан әлемде бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелесек, үлкен жетістіктерге жетеріміз хақ! Ең басты міндет – егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып, қазақ елінің болашағына адал қызмет ететін, ар-намысы биік, парасатты ұрпақ тәрбиелесек, елдің дамуына қосқан нақты үлесіміз болмақ.» -деді Атқарушы хатшының орынбасары Алтынбек Жарылқасынов.

Сондай-ақ жиын барысында облыстық әкелер кеңесінің төрағасы Ержан Искендер студенттерге тәлім-тәрбиесі мол, рухани байлыққа толы бірнеше кітаптар мен қажетті құрал-жабдықтар алу үшін арнайы сертификаттар сыйға тартты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!