Бақыттың кілті – еңбекте. Иә, дұрыс айтады. Еңбек көркем іспен, шыдаммен келеді. Еңбекпен келген нан тәтті. Мені осы күнге жеткізген ата-әжемнің, ата-анамның еңбегі деп ойлаймын. Мен үшін атамның еңбегі зор. Атам мені туғаннан бастап өсірді, бақты, қақты. Атам жұмысына да барып келеді, мені ерінбей жұмысқа барып келген соң арбаға (коляска) салып алып, көшені айналдырып аралайтын, атам өте керемет адам шаршадым демейді ғой, шіркін. Атама дән ризамын. Атамның берген тәрбиесінен жаңылмай, еңбекпен өз бақытымды табатын боламын. Атам мен үшін, болашағым үшін ерекше еңбектенген. Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді,жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, ширатады, шынықтырады.

Қызылорда облысы
Қазалы ауданы
Бірлік ауылы
№102 орта мектебі
Шүлезбай Нұрхан

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!