Фото: pixabay.com

Телерадио хабары таратылмайды. Бүгін, 24 қаңтарда елімізде телерадио кешендері жұмыс істемейді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 «Қазтелерадио» АҚ мәліметінше, телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету үшін компания тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервисті тоқтатып, жоспарлы профилактикалық жұмыс жүргізеді.

Осыған байланысты 24 қаңтарда түнгі сағат 3:00 мен кешкі сағат 17:00 аралығында (Астана уақытымен) телерадио хабары таратылмайды. Уақытша қолайсыздық тудырғанымыз үшін кешірім сұраймыз,  – деп жазылған «Қазтелерадио» АҚ таратқан хабарламада.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!