Фото: видеодан алынған кадр

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбек кинематографистері Самарқан әмірі, Регистанды құрған атақты қолбасшы Жалаңтөс Баһадүрге арнап тарихи көркем фильм түсірді. Фильмнің премьерасы Наурыз мерекесі қарсаңында жоспарланған. O’zbekkino фильмнің трейлерін жариялады.

Джахангир Ахмедов түсірген «Амир Баҳодир Ялангтўш» фильмінің шайқас көріністері қазақстандық Nomad Stants каскадерлар тобының қатысуымен түсірілген. 

Бұл команда Халықаралық каскадерлер академиясының «Таурус» сыйлығын жеңіп алған.

Команда көптеген голливудтық фильмдердің шайқас сахналарында жұмыс істеген, олардың соңғысы — режиссер және продюсер Ридли Скотттың «Наполеон» фильмі.

Фильмде өзбек актерлерімен бірге Қазақстан мен Қырғызстанның кино жұлдыздары да бой көрсеткен.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!