Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен кадрлық өзгерістерге байланысты актив отырысында жаңадан тағайындалған облыс әкімінің орынбасары таныстырылды.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және облыс әкімінің өкімімен Жаханов Бахыт Дүйсенұлы облыс әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Облыс әкімі Бахыт Жахановтың қызметіне сәттілік тіледі.

«Бахыт Дүйсенұлы – аймақтың әлеуметтік-экономикалық ахуалымен етене таныс, мемлекеттік қызметтің барлық сатысынан өтіп, басқарушылық лауазымда мол тәжірибе жинаған әлеуеті жоғары кадр. Бұған дейін де басқарма басшысы, аудан әкімі, облыс әкімінің орынбасары лауазымдарында нәтижелі қызмет көрсеткен.

Жаңа қызметте ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, ветеринария, құрылыс және сәулет, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс салалары мен Жаңақорған, Шиелі аудандарына жетекшілік жасайтын болады. Іскер басшы ретінде өз жұмысын жоғары деңгейде атқарады деп сенемін», – деді аймақ басшысы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!