«Алматы жастары» бағдарламасы аясында тұрғын үймен қамтамасыз ету квоталары ұлғайтылып, келесі жылы жас мұғалімдерге арналған квоталар саны да артады.

«Жас мұғалімдерді қолдау үшін біз «Алматы жастары» бағдарламасы аясында тұрғын үймен қамтамасыз ету квоталарын арттыруды жалғастырамыз. Келесі жылы біз жас мұғалімдер үшін квоталарды ұлғайтуға ниеттіміз», – деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.

Сонымен қатар педагогтердің біліктілігін арттыру үшін басшылар мен мұғалімдерді оқытудың кешенді бағдарламасы кеңейтілді. Оған орта білім беру мектептерінің менеджерлері мен мұғалімдері ғана емес, сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдар мен колледждер де кірді.

Инклюзивті білім беру мұғалімдерінің білімін жетілдіру бойынша жоба алғаш рет жүзеге асырылуда, осы мақсатта биыл жергілікті бюджеттен 7 мыңға жуық адамды қамти отырып, 2 млрд теңге бөлінді. Бұл курстар Қазақстанның, Сингапурдың, Ұлыбританияның және Швейцарияның жетекші білім беру ұйымдарының базасында өтуде. 

Айта кететіні, биыл бағдарлама аясында 11 мыңнан астам жастан өтінім келіп түскен.  «Алматы жастары» бағдарламасына қаланың жасы 35-тен аспаған тұрғындары қатыса алады.

Бағдарламаға қатысушылардың Алматы қаласында ресми жұмыс өтілі өтініш берген кезде соңғы 12 айдан кем болмауы тиіс. Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады. Сондай-ақ бағдарламаға қатысушы мен оның отбасы мүшелерінің соңғы 5 жыл ішінде жылжымайтын мүлкі болмауы керек. Сонымен қатар қарыз сомасы 18 000 000 теңгеден аспауы тиіс, ал бастапқы жарна – 10%, кредиттің ең көп мерзімі – 19 жыл. 

Толық ақпарат «Отбасы банк» – 300 Сall-центр немесе https://hcsbk.kz/affordable-housing/almaty-zhastary/ сайтынан оқи аласыз.

Фото: o4istote.ru

дереккөз aikyn.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!