Фото: Tengrinews.kz
Павлодар облысында қоғамдық көлікпен жүру ақысы қымбаттайды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Қалалық мәслихат депутаттары облыстық көлік тасымалдаушылары кәсіподағының ұсынысы бойынша жаңа тарифке дауыс берді.
Карта, қосымша немесе QR арқылы қоғамдық көлікте жүру – 80 теңге емес, 100 теңге тұрады.
Қолма-қол ақшамен төлеу 130 теңгенің орнына 200 теңге болмақ.
«Мұндай шешім қабылдауға жанар-жағармай мен қосалқы бөлшектердің қымбаттауы себеп болған. Дизель отынының құны екі есеге жуық өсті. Электр қуатының тарифі де қымбаттады», – деп түсіндірді жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Данияр Батырбеков.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!