фото:https://egemen.kz/article/256462-qazaqy-adep
Әдептілік ар ұят
Адамдықтың белгісі…
деп айтқандай әдепті болу деген сөздің мағынасы өте кең.
Әдептілік — адам бойындағыжағымды қасиет, оның қоғамда қабылданған әдеп талаптарын мінсіз орындауы. Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенім білдіреді.
Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды.
Мемлекеттік қызметшілер – адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға тиіс.
«Әдептілік – әрбір жеке тұлғаның рухани байлығы, қазынасы.» Жақсы әдет, жақсылық жасау бұл қай жерде болмасын – өнеге, өсиет. Мысалы: Мен қандай болуым керек? Адал, мейірімді, кеңпейіл, еңбекқор, сөзінде тұратын, иманды,нағыз адамшыл қасиетті жан болу. Сондықтанда, біз бойымызға жақсы қасиеттерді жинап, жаманәдеттіжоюымыз керек.
Адам мәдениеті жоғары болған сайын, оның айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы сыпайы бола түседі. Мемлекеттік қызметшілер қызметтік әдеп нормаларын сақтау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауда, олардың құқықтары мен заңды мүдделері бұзбай, оларды қорғау және қалпына келтіруге бағытталған шаралар қабылдауды және басқа да функцияларды жүзеге асыру бағытында қызметтер болады.
Мемлекеттік қызметшілермен әдеп нормаларын мінсіз сақтау қызметтегі бағалауда және ілгерілеуде оң әсерін тигізеді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және жауаптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуы.
Сондықтан, мемлекеттік қызметшілер тарапынан Әдеп Кодексінің талаптарын сақтау басты міндет болып табылады.
Қызылорда облысының Әділет департаментінің
Әкімшілік бөлімінің бас маманы Н. Ительгиева
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!