Фото: ашық дереккөзден алынды

«QAISAR» әскери-патриоттық жобасы аясында Қызылорда гарнизонының №66597 әскери бөлімінде «Айбынды армия – Тәуелсіздік кепілі» атты ашық есік күні өтті.

Жобаның негізгі мақсаты – азаматтарды Отан алдындағы борышын өтеуге шақыру, әскери патриоттық рух қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау.
«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» ЖҚ Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткен әскери шараға университет пен колледж студенттері және Абылайхан атындағы №140 орта мектебінің оқушылары қатысты. Жиын барысында жастар өздерін қызықтырған қару-жарақтар және қорғаныш құралдарымен танысты. №66597 әскери бөлімінде түскі ас ішіп, сарбаздардың өміріне шолу жасады.
Әскери қызметкерлер қонақтарға заманауи атыс қаруының мүмкіндіктері, әскери және қорғаныс құралдарының техникалық сипаттамаларымен таныстырды.
Сонымен қатар қатысушылар әскери бөлім базасымен, оның құрылымымен танысып, ашық диалог алаңында әскери қызметкерлермен сұхбаттасты.


«Жастар рухы» ЖҚ Қызылорда
облыстық филиалы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!