Алматының беделді мектебіндегі бірінші сынып оқушысының зорлану фактісі бойынша тергеу басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алматы полиция департаменті тергеу басталғанын мәлімдеді.

«Істің объективті мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу іс-шараларының кешені жүргізілуде. Тергеу барысы ерекше бақылауда», – деді Алматы ПД бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Қылмыстық іс ҚК 121-бабының 3-бөлігі “Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері” бойынша қозғалды.

«Аталған факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды», – деп хабарлады полиция қызметкері.

Алматы халықаралық мектебі Нұрсұлтан Назарбаев қорының құрылымында жұмыс істейді.

Бұған дейін желіде Алматыда мектептердің бірінде 1-сынып оқушысы зорланды деген ақпарат тарады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!