Жол апатына түскен үш оқушы 2005 жылы туған.

Атырау қаласының маңында орналасқан Қызылбалық ауылының маңында мұғалім мен үш оқушы жол апатына түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға 1 маусым сағат 12:20-да Атырау-Дамба тас жолында болған.

«18 жастағы жүргізуші басқарған Honda Odyssey және 24 жастағы жүргізуші басқарған Ваз 2114 автокөліктері соқтығысқан. Түрлі дене жарақатын алған бір жолаушы мен жүргізуші Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді», – дейді Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Дәрігерлердің айтуынша, облыстық аурухананың травмотолгия бөліміне жатқызылған 24 жастағы жүргізушінің жағдайы ауыр.
«1999 жылы туған науқас түсті. Түскен кездегі жағдайы ауыр. Оң жақ балтыр сүйегінің ортаңғы үштен бір бөлігі ашық сынған. Сол жақ беті кесілген, өкпесі соғылған. Оң жақ төменгі сан және балтыр сүйектері соғылып, кесіліп кеткен.», – дейді Атырау облыстық ауруханасы равматология бөлімшесінің меңгерушісі Бекен Құлниязов.

Жол апатына түскен үш оқушы 2005 жылы туған.

«Бірінші науқастың денесі бірнеше жерден қатты соққыдан көгерген. Ол ауыр жарақаты болмағанедықтан үйіне жіберілді. Екінші науқастың жамбас сүйегі сынған. Үшінші науқастығң да денесі бірнеше жерден көгерген», – дейді облыстық балалар ауруханасы директордың орынбасары Орындық Сиплова.

Жол апатынан бұрын дәл Қызылбалық ауылының аумағында түлектер мінген кортеждің бейнежазбасы әлеуметтік желіге тараған болатын. Бейнежазбада көлік терезесінен шығып алып, тәртіп бұзған оқушыларды көруге болады.
Көп ұзамай дәл осы ауылда мұғалім мен үш оқушы мінген көлік жол апатына түкен. Алайда жергілікті полиция кортеж пен жол апатының бір-біріне қатысы жоқ дегенді айтады.

«Қала аумағында мектеп түлектерінің көлік басқарып, көлік құралының терезесінен денесін шығарған деректер бойынша дер кезінде анықталды. Оның ішінде, Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 593-бабына сәйкес, яғни «Жол жүру қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау» дерегі бойынша 10 дерек, 615-бабы бойынша, яғни, жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы бойынша 2 автокөлік анықталды», – дейді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Кортежде болған 20 жасөспірім полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі таңда ата-аналары полиция басқармасына шақыртылып, тиісті іс-құжаттар жинақталып жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!