Әкім аурухананың инсульт орталығында жатыр.

Фото: instagram.com/asshot.inc/

Солтүстік Қазақстан облысы Астрахан ауылдық округінің әкімі Руслан Қабатов ауруханға түсті деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол 26 мамыр күні кешке инсульт алып, ауруханаға түскен. Бұл туралы Қазақстан халықтық партиясы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының төрағасы Ерғали Жұмағұлов Facebook-тегі парақшасында жазды.

Оның айтуынша, әкім аурухананың инсульт орталығында жатыр. Ерғали Жұмағұлов жазбасында ауруханаға түскен әкімнің жағдайына «Обожаю» бағдарламасының авторы Асхат Ниязовке берген сұхбаты әсер етуі мүмкін екенін меңзеген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!