Бүгін облыстық мәслихат депутаты Гүлнар Есқалиева білім беру ісінің үздігі, білім саласының ардагері Дина Садуқызымен кездесіп, 80 жас мерейтойымен құттықтады.


– “Сыр өлкесінде еліміз үшін білім саласының дамуында аянбай еңбек етіп, өзінің адалдығымен, парасаттылығымен ел аузында жүрген, ауыз толтырып айтарлық азаматтарымыз баршылық. Осы азаматтарымызға лайықты құрмет көрсетіп, ғибратты ғұмырын басқаларға үлгі, жастарға өнеге ету біздің басты мақсатымыз.

Осындай тұлғаларымыздың бірі де бірегейі – Дина Садуқызы апайымыз биыл мерейлі 80 жасқа толып отыр. Сізді Сыр өңірі білім саласы қызметкерлері атынан мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Мемлекетіміздің кемел келешегі мен баянды болашағы, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, шәкірт бойына жақсы қасиеттерді дарытудағы еңбегіңіз ұшан теңіз. Өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз. Сіздің ел игілігі үшін жасап жүрген еңбегіңіз отбасыңыз үшін ғана емес, үлгі тұтар әріптестеріңіз, тілектес дос-жаран үшін де үлкен мақтаныш , – деді Гүлнар Есқалиева.


Шарада Қызылорда облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Гүлнар Есқалиева мерейтой иесіне өлшеусіз еңбегі үшін алғысын білдіріп, халқымыздың игі дәстүрі бойынша сый-сияпат табыс етті.


Кезесу соңында мерейтой иесі Дина Садуқызы көрсетілген құрметке ризашылығын білдірді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!