Шежірені шертетін киелі аспаппен мұқым ел етене таныс. Демек, оны ұлықтауда шет қалмаған лазым. Ұлттық домбыра күніне орай, ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде шаруашылық бөліміне қалдырылған жазасын өтеушілерге танымдық бейнеролик көрсетілді.
Бейнероликте ғасырлар бойы ұлт жадында сақталған асыл мұраның тарихы, шығу төркіні мен мән-маңызын ашатын қызықты деректер баяндалды. Домбыраның қос ішегінен төгілген күйдің халқымыздың қуанышы мен мұңын, ерлігі мен елдігін ұрпақтан ұрпаққа жеткізген рухани мұра екені әсерлі түрде көрініс тапты.
АКАӘПТЖББ-ның жасақ бастығы, әділет аға лейтенанты Бабахан Алтынбектің айтуынша, әрбір тәрбиелік іс-шараның түпкі мақсаты – адамның санасына ізгі құндылықтарды орнықтыру екен. Ұсынылған танымдық бейнеролик те жазасын өтеушілердің ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, халқымыздың рухани мұрасына құрметпен қарауға үндейді.
З.Қонысжан
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!