Қазақстанның бірқатар өңірінде мектеп оқушылары үшін күндізгі сабақтардың тоқтатылуына ауа райының қолайсыздығы себеп болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Нұр-Сұлтандағы білім басқармасының шешімі бойынша 2021 жылғы 10 ақпанда ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты аяз -27 С ) I ауысымның 0-4 сынып оқушылары үшін мектептердегі сабақтар қашықтан оқыту форматына көшті.

Қостанайда да бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары -27 градус аязға байланысты онлайн оқытуға ауыстырылады.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қарағандыда және Теміртауда бірінші ауысымның 0-ден 5-ші сыныптарына дейінгі сабақтар тоқтатылады. Сабақтар қашықтан өткізіледі.

Ал Солтүстік Қазақстан облысында 0-9 сынып оқушылары үшін сабақтар тоқтатылды. Облыстық ТЖД -27 градусқа дейін қатты аяз туралы хабарлайды.