Үндеу

Қадірлі замандас!

Денсаулық — ең құнды байлық. Өйткені дені сау адам ғана жетістікке жетіп, үлкен шыңды бағындыра алады. Бүгінгі таңда денсаулыққа салғырт қарайтындар жетерлік. Әсіресе, есірткіге елітіп, өмірін құртқан жастар бар. Сол үшін бүгінгі бкынға үндеу жолдағым келеді.

Кейбір адамдар зиянды әдеттермен әуестенуде. Есірткіге жолап, жақынынан айырылған, досына құрметі қалмаған жастарды көріп жүрміз. Тіпті бұл індет адам денсаулығына ғана емес, қоғамға зиян.

Жастар – ел болашағы. Келешектің кілті де біздің қолда. Біздің еншімізге Қазақстанның мәңгілік ел болуына атсалысу жазылған. Сондықтан алға мақсат қойып, арманға ұмтылуымыз керек. Сондықтан тұғырлы елдің еркін азаматы ретінде есірткіге «жоқ! » деп айтып, қоғам дамуына үлес қос, замандас!

Бекзат Жарасханұлы,

Арал ауданы, №262 мектеп гимназияның 7-сынып оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!