Фото: nazarbayev.kz
Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа» атты мемуарлық туындысы жарық көрді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Экс-президенттің естелік кітабы «Меломан» және «Алматы кітап» дүкендер желісінде сатылымға шықты.
«Бұл кітап оқырманды тәуелсіз Қазақстанның тарихына жаңа қырынан үңілуге, азаттықтың алғашқы жылдарында ел тізгінін ұстаған тұлғаның көзімен қарауға жетелейді.
Автор тікелей бел ортасында болған тарихи оқиғалар көрініс тапқан туындыда Нұрсұлтан Назарбаев өзінің өмір жолымен қатар, еліміздің қалыптасуы және даму кезеңдері туралы естеліктерімен бөлісті. Аса маңызды саяси оқиғалар, ауқымды экономикалық жаңғырулар, күрделі халықаралық келіссөздер, ел басқарған кезде қабылдаған стратегиялық шешімдер туралы баяндады.
Жеке сырын ағынан жарылып айтуы, қаңтар оқиғасына қатысты пайымдауларын ортаға салуы Тұңғыш Президенттің бұл кітабының салмағын арттыра түседі. «Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа» – халқының азаттық туралы сан ғасырлық асыл мұратын ақиқатқа айналдырған көшбасшының жан сыры», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет екінші отбасының және екі ұлының бар екенін мойындағаны туралы жзаған едік.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!