фото: stan kz

Маңғыстауда бала саудасымен айналысты деген күдікпен 42 жастағы әйел ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Полицияның мәліметінше, бала сату фактісі әлеуметтік желілерді тексеру кезінде анықталған. Сонымен қатар, тінту нәтижесінде әйел үйінде есірткі сақтағаны анықталды

«Аталмыш факті ҚР ҚК-нің 135-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы «Кәмелетке толмағандардың саудасы» бойынша тіркелді. Сонымен қатар әйелдің үйінде есірткі сақтағаны анықталды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы «Есірткі, психотроптық немесе сол тектес заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз өндіру, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау”, – делінген хабарламада. 

Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте 23 жастағы келіншек жаңа туған нәрестесін сатпақ болғаны туралы жазған болатынбыз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!