Қостанай тұрғыны қызының жергілікті танымал аквапаркте жарақат алғанын мәлімдеді.

Татьяна Тарасова есімді Қостанай қаласының тұрғыны әлеуметтік желідегі парақшасында танымал су-ойын-сауық кешенінде баласының жарақат алғанын мәлімдеді. Бассейіндегі салғырттықтың нәтижесінде, қыздың өкшесі кесіліп кеткен.

 «26 мамырда өте жағымсыз жағдай болды. Бір күн күттік, бірақ аквапарк директоры хабарласпады. Қостанай аквапаркінде болдық, бала зардап шекті. Өкшесі бассейндегі қоршаудың кесірінен жарақаттанды”, – деді әйел.

Оның сөзінше, қыз бассейіндегі баспалдақтан түсіп, жүзе бергенде, аяғы қанап бастаған.

“Баспалдақтарды тексеру кезінде біз әкімшілермен бірге үшінші штангадан өте өткір шегені таптық, ол  қызымның өкшесін кесіп жіберген. Кеше аяғын тігеміз деді, бірақ біз бас тарттық.  Бұл оған қосымша стресс болар еді. Енді  күнделікті таңып отырамыз. Оған қоса, антибиотиктер қабылдауы керек, себебі темір ұзын болды. Енді ешкім жарақат алмауы үшін олар штанганы ауыстырады деп үміттенемін», – деді Қостанай тұрғыны.

Әйелдің айтуынша, басшылық  ешқандай әрекет жасамаған және кешірім де сұрамаған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!