13 маусым Шарбақты ауданының Галкино-Жаңаауыл аудандық маңызы бар автожолының 10 шақырымында 18 жасар ВАЗ-21703 автокөлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, аударылды.

Салдарынан 2004 жылы туған жолаушы алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмды, 1987 жылы туған жолаушы ауруханада қайтыс болды. Түрлі жарақаттары бар тағы екі жолаушы ауруханаға жеткізілді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!