Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің нұсқауына сәйкес Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті №60 мекеменің  кадр саясаты бөлімінің кәсіби даярлық жөніндегі аға инспекторы, әділет лейтенанты А.Е.Мулдашов мекеме қызметкерлерінің жеке автокөлігінің бар – жоғына, көлік құралдарын басқаруға құқық белгілейтін құжаттардың сәйкестігіне, техникалық байқау мерзімдеріне, азаматтық – құқықтық жауапкершілік полисіне тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру барысында мекеме қызметкерерінің жеке автокөлік құжаттарының түгел екендігіне көз жеткізді. Сонымен қатар, мекеме қызметкерлеріне көлік құралдарын басқару кезінде жіберілген механикалық зақымданулар төтенше жағдайлар ретінде қарастырылатындығы ескертілді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!