Қызылордалық дәрігерлер екі жасар баланың асқазанынан алтын білезік пен сырға алып шықты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Баланың анасы зергерлік бұйымдарының жоғалғанын бірден байқамаған. Оларды үйден таппаған соң кішкентай ұлы оларды жұтып қойған болуы мүмкін деп күдіктенген. Күмәнді сейілту үшін әйел ауруханаға барған.

«Баланы эндоскоппен қарадық. Асқазанынан бөгде зат табылды. Ол – алтын бұйымдар. Біз оларды алып тастадық», – дейді облыстық көпсалалы балалар ауруханасының хирург-эндоскопист дәрігері Серік Нүсіпқожаев.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!