Президент тапсырмасына сәйкес ветеринария саласын реформалауға байланысты сала мамандарының айлық жалақылары соңғы 2 жылда 40 пайызға көтерілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық ветеринария басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев айтты.

Өңірдің эпизотиялық ахуалын тұрақты ұстап тұру мен белгіленген іс-шараларды мерзімінде орындауда, облыстың әкімшілік аумағында 8 ветеринариялық станция мен 139 ветеринариялық пунктте 780 маман қызмет көрсетуде.

«Ветеринариялық іс-шараларды уақытылы ұйымдастыру үшін ветеринариялық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы мықты болуы қажет. Өңірімізде ветеринария саласына аса мән беріліп, жұмыстарын ілгерілету, материалдық-техникалық базасын жабдықтау мақсатында арнайы «Жол картасы» бекітілген. Облыстық бюджеттен соңғы 3 жылда 682,3 млн. теңге бөлініп, 71 арнайы автокөлік, 163 дана компьютер, 163 дана термочемоданмен қамтамасыз етілді», – деді Шахмардан Сұлтанбекұлы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!